• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Полиция желідегі даулы суретке қатысты тексеріс бастады

Полиция желідегі даулы суретке қатысты тексеріс бастады
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалағандардың суреті тарады. Олар Сауд Арабиясы туының элементтері бар Қазақстан Туын ұстап тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Желідегі сурет

Басылым мәліметінше, бұл сурет Атырау қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілген болуы мүмкін.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл дерек тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Қандай жаза төніп тұр?

Қазақстан заңнамасына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қорлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша мұндай әрекет үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол сомаға түзеу жұмыстары, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget