- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Полиция, жедел жәрдем,...
"Полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар келді": Ақтауда фотосессия соңы оқыс оқиғамен аяқталды
Қазақстандық қыз қарапайым фотосессия соңы ірі құтқару оқиғасына айналғанын айтып берді. Tengri Life жағдайды толығырақ баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айнұр Шайморданова Ақтаудадағы жағажайда болған оқыс оқиғадан кейін құтқару қызметінің жеделдігі мен жаппай әрекет етуіне таңғалған. Айнұр тағы бір қызбен суретке түсуге жағажайға келгенін айтты. Фотосессия кезінде Айнұрдың серігі балдыр басқан жасыл тастың үстіне тұрамын деп тайып құлап кеткен.
"Ол жергілікті тұрғын емес, тастардың тайғақ болатынын білген жоқ. Тайып құлап, қолын қатты тіреп қалды. Оған көмектесіп, көтере бергенімде "Қолым! Қолым!" деп айғайлады. Мен жедел жәрдем шақырған дұрыс болар деп ойладым. Хабарласып, қыз теңіз жағалауында жартасты соқпақ маңында тастан құлап қалғанын айттым. Мені оператор дұрыс түсінбеген болса керек, адам жартасты соқпақтан құлап кеткен деп түсініп қалған сияқты. Айта кетейін, ол соқпақ жол жартастарда орналасқан. Біраз уақыттан кейін жан-жағымыздан полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар, ТЖМ келді. Аз уақыттың ішінде бірнеше адам хабарласып, қайда екенімізді анықтап сұрады, олар қандай органдардан хабарласқанын білмеймін де", - дейді Айнұр.
Келгеннен кейін барлық қызмет Айнұр айтқандай, жедел әрі үйлесімді әрекет еткен. Зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігіне отырғызып, оған ота жасау керек екенін түсіндірген.
"Ол қазір ауруханада, қолы сынған екен", - деді фотограф.
Айнұр барлық қызмет қаншалықты тез және жаппай жауап бергеніне таңғалғанын атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан