Абай облыстық полиция департаменті қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу үшін арнайы жедел тергеу тобын құрды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жазба жариялады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, қылмыстық іс "ерекше бақылауға" алынғаны да көрсетілген.
Еске салайық, Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған баланың денесінің 70 пайызын күйік шалғаны анықталып, сәби реанимацияға жіберілген болатын.
Кейінірек Абай облыстық полиция басқармасы жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлады. Баланың өліміне қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!