- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- полиция туралы
Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан: Шымкентте тиктокер жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері TikTok желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады.
"Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Полиция айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киімді, сондай-ақ арнаулы киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) құқықбұзушылыққа жататынын ескертті. Бұл үшін киім тәркіленіп, әкімшілік айыппұл салынады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова