Алматы полициясы электрсамокаттарға қатысты ауқымды рейд өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәулік ішінде самокат жүргізушілері жол қозғалысы туралы заңнаманы 800 (жыл басынан бері 16 мыңнан аса) рет бұзған:
"Тротуарларда және жолдарда электрсамокаттарды бейберекет қалдыру деректері анықталды. 259 самокат арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!