• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Полиция бұрынғы футболшыны ұстады

Фото: Видео кадры

Шымкент қаласында шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 1,5 келі а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан.

"Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 келі гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget