Полиция блогер Мұрат Даниярдың ұсталуына қатысты түсінік берді

Блогер Мұрат Даниярды Алматы полициясына шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Jurttyń Balasy YouTube-каналының авторы өзін полиция бөліміне жеткізгенін хабарлаған еді.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына алматылық тұрғыннан көпе-көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты арыз түскен.

"Белгіленген процессуалдық талаптарға сәйкес, мән-жайды анықтау үшін Әуезов ауданының учаскелік инспекторы азамат Мұрат Данияр әңгімелесуге шақырылды", - деп хабарлады полиция.
 

Кейін Мұрат Данияр да оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше полицейлер блогердің тіркелген мекенжайы бойынша үйіне барған. Ол жерден таппай, телефон арқылы хабарласып, бөлімшеге шақырған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!