- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция Бескөл кенті...
Полиция Бескөл кенті маңынан адам сүйегі табылған орынды ескі қорым болуы мүмкін деп болжады
Полиция Қызылорда облысындағы Бескөл кенті маңынан табылған адамның сүйектеріне қатысты егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін. Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қызылорда облысындағы Бескөл кентінің маңында адамның сүйектері табылғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Facebook қолданушысы жазған.
"Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы WhatsApp арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудыруда. Qyzylorda PD түсіндірме берулеріңізді сұраймын", - деп жазған автор Ләззат Бақтыбаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан