Ақтөбе облысының полициясы бір күн бұрын балалардың көзіне газ баллоншасын шашқан кәмелетке толмағанды шекарадан өтпек болған кезде ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция депараменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушы бұзақылық фактісі бойынша іздеуде болған.
Ал ресейлік БАҚ ішкі істер министрлігінің Саратов облысы бойынша бас басқармасына сілтеме жасап, құқықбұзушы 14 жастағы жасөспірім, Қазақстан тумасы, ол Саратов облысында анасымен 2021 жылдан бері тұрып жатқанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған бала құқық бұзушылықты жасаған кезде Қазақстанда әкесімен бірге болған", - делінген хабарламада.
Ресей полициясы жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!