Telegram-арналардың бірінде белгісіз біреу Астана мектептерінде адамдарды жаппай өлтіретіні туралы хабар тарады. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аноним Telegram-арнада автор 19 сәуірде "мектептерге басып кіріп, балаларды өлтіретіні" туралы айтып, жұртты шошытқан. Аноним автор жазбаға қарудың да суретін салып қойған.
Қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл жалған ақпарат екенін ескертті.
"Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарды тарату 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске саламыз", - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Айта кетейік, жыл басында Қазақстанның басқа да қалаларында мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы жалған ақпараттар тараған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!