Полиция "Алтын орданы" басып алу ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында белгісіз адамдар тобы базар аумағын қорғау бойынша өз құқықтарын заңсыз жүзеге асырғаны анықталған.
Бұл дерек бұған дейін Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша Қарасай ауданының соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қазіргі уақытта агенттіктердің "Алтын Орда" базарының аумағында күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттары бар екені анықталды.
Осыған байланысты тергеу тиісті тексеру жүргізеді, қолда бар шарттар мен мүдделі тараптардың өзге де құқық белгілейтін құжаттары зерделенеді.
Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
"Алтын Орда" базарының өкілдері Президентке үндеу жасады
Еске салайық, бұған дейін Желіде белгісіз біреулер "Алтын Орда" базарын басып алғаны туралы видеолар пайда болған еді.
Желіде "Алтын орданы" белгісіз біреулер басып алғаны туралы видео пайда болды. Видеода өзін баспасөз қызметінің өкілі деп таныстырған әйел белгісіз біреулер өзін жаңа күзет деп таныстырып, базарды басып алғанын айтады.
"Бұл адамдардың әрекеті басып алу деп бағаланып отыр. Ешқандай түсініксіз, ештеңе түсіндірмей басып алған", - дейді видеодағы әйел.
Алтын орда базарының баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты растады.
"Базарда түсініксіз жайттар болып жатыр. Басып алған. Олар күзетшілердің отыратын жерін қиратып тастады. Белгісіз күзет қызметі тіпті аула сыпырушылардың кеңсесін басып алған", - дейді базар өкілі Massaget.kz тілшісіне.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!