- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция алматылық көлік...
Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алдағы күндері ауа райының нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Осыған орай жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", - деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Оның айтуынша, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі. Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан