- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция Алматыдағы жаппай...
Полиция Алматыдағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жаппай төбелестің видеолары мен суреттері тарады. Полиция осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 28 сәуірде түн жарымда полицияға Розыбакиев пен Есқараев көшелері қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел басқару орталығы қызметкерлері оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқықбұзушылықты тоқтатып, оқиғаға қатысушыларды ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді", - делінген хабарламада.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова