- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция алдағы уақытта...
Полиция алдағы уақытта тасымалдаумен айналысатын көліктерге тексерісті күшейтпек
Полиция алдағы уақытта тасымалдаумен айналысатын көліктерге тексерісті күшейтпек. Өйткені халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактика айлығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы аптада 445 іс-шара ұйымдастырылған. Ведомство мәліметінше, азаматтар психоактивті заттарды жарнамалайтын немесе есірткіні қолдануды насихаттайтын дүниелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын білмей жатады. Есірткіні таратқаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, кейбір жағдайда 14 жастан басталады.
"Өкінішке қарай, биыл бес ай ішінде 20 жасөспірім жауапқа тартылды. Біз білім беру органдарымен бірлесіп, осындай қылмыстардың алғышарттары мен себептерін анықтап, оларды жою бойынша жұмыстар жүргіземіз", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов.
Сонымен қатар, енді пошта жөнелтілімдері және тасымалдаумен айналысатын көліктерге назар аударылады. Қызметтік иттер арқылы автобекеттерде, пойыздарда, әуежайларда тексеріс жүргізіледі.
Ал кинолог мамандар мектеп пен колледж жастарына түсіндіру жұмыстарын күшейтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова