Полиция "Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасалады" деген қорқынышты хабарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақ деген жалған ақпарат тарап кеткен. Бұл дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.
Сонымен қатар, мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артқан.
Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы мектептерге қатысты осындай фейк жұртты үрейлендірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова