“Полицеймін деп сес көрсеткен“. Желіде тараған видеодағы адам ұсталды

“Полицеймін деп сес көрсеткен“. Желіде тараған видеодағы адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде әйел адам ұялы телефон арқылы жанжал шығарып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс нәтижесінде оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталған. Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, оның Ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ және қазір жұмыссыз.

"Ол қоғамдық орында масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget