Ақмола полиция қызметкерлері екі адамды өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
8 ақпанда сағат 18:00 шамасында Көкшетаудағы жатақханалардың бірінде болған оқиғадан кейін ер адам стационарлық полиция бекетіне келіп, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша соталды іс жүргізуді бастады.
Материалдарды жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 87 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкені анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туып, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, кейін әйелге бірнеше рет пышақ сұққан. Кейін қылмыс құралынан құтылып, күдікті "102" нөміріне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келген. Соталды тергеу аясында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын істі болғанын анықтаған. 2008 жылы адам өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетаудың аумағында тұрған.
Тергеу кезеңінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!