Полицейлерден қашпақ болған мас жүргізушісі қоршауға соғылды

Полицейлерден қашпақ болған мас жүргізушісі қоршауға соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қазанда Көкшетауда түнде патруль полиция батальонының қызметкерлері дүкендердің бірінен шығып бара жатқан BMW маркалы көлік жүргізушісін байқады. Патруль көлігін көрген жүргізуші кенет баяулады, бұл полиция қызметкерлеріне күдік туғызды.

Олар тексеру үшін көлікті тоқтатуға шешім қабылдады, бірақ жүргізуші заңды талапты елемей, жасырынуға тырысып, одан әрі жеделдеді.

Жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлікті басқара алмай, металл жол қоршауына соғылды.

Тексеріс кезінде ер адам мас болғаны анықталды. Оның үстіне, екі жыл бұрын ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. 

Ұсталған адамға қатысты жүргізуші куәлігінен айырылу және көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, ер адам орташа дәрежеде мас болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!