Полицейлерден алдымен көлікпен, кейін жаяу қашқан ер адам ұсталды (видео)

Полицейлерден алдымен көлікпен, кейін жаяу қашқан ер адам ұсталды (видео)
Фото: Видео кадры

Алматыда полицейлерден алдымен көлікпен, кейін жаяу қашқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнгі сағат екі шамасында Төле би даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында патрульдік полиция экипажы Тoyota Camry көлігін байқап, жүргізушіге тоқтау қажет екенін айтқан.

Алайда ер адам полицияның талабына бағынбай, көлікпен қашып кетпек болған. Полиция қызметкерлері оның соңынан жүріп, тұйық жолға келгенде көлікті тоқтатқан.

"Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекет жасаған. Бірақ полицейлер оны көп ұзамай ұстады. Мұның себебі медициналық куәландыру кезінде анықталды. Ер адам көлікті мас күйде басқарған. Сараптама оның орташа дәредеже мас екенін көрсетті. Жүргізушіге заңда көзделген шаралар қабылданды", - деді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, кейінгі екі тәулікте қалада көлікті мас күйде тізгіндеген 31 жүргізуші ұсталған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget