Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласында масаң күйдегі ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, балағаттап, оларға күш қолданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан полиция қызметкерлеріне дене жарақаттары салынған. Мемлекеттік айыптаушы сотта айыпталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынған.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірген.
"Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова