- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полицейлер OLX-тен күмәнді...
Полицейлер OLX-тен күмәнді жарнамаларды өшіре бастады
OLX.kz-тен есірткі сатушыларды жалдау туралы үш мың "жасырын" хабарландыру өшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен интернет-сервистерде курьерлік жұмыс ұсынып немесе жалдамалы жұмысшылар қызметін қажет ететін хабарландырулардың артында кей жағдайда есірткі бизнесі тұратыны белгілі.
Мұндай хабарландырулардың құрбаны ересек азаматтар ғана емес, кәмелетке толмағандар да болуы мүмкін.
"Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан аса "жасырын" хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. ІІМ мемлекеттік органдардың, "OLX Group" өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
Жыл басынан бері осындай 2700-ден аса интернет-ресурс анықталды. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі.
Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді, олар үшін жаза мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Операциялық жүйенің интерфейсі дегеніміз не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек