Полицейлер қызметтік көліктен домбыраның бейнесін жасады

Полицейлер қызметтік көліктен домбыраның бейнесін жасады
Фото: ІІМ

ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

ІІМ баспасөз қызметі

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады. 

"Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл - ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін", - деді ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова