Полицейлер күдіктінің жасырынған жерін көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне мал ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап әкеткен. Қорадағы жануармен бірге ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізге түсіп, 30 шақырымдай жүрді.

Іздер Булаево - Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барды. Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында қазылған жерге үстін жауып тұрғызылған, ішіне қолдан жасалған пеш орнатылған жеркепені байқады. Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқы етін кесіп жатқан жерінде ұсталды. Алдын ала болжам бойынша полицейлер күдіктінің осы қылмысты жасағанын білген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!