- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полицейлер Қостанай облысындағы...
Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялап жатыр
Төтенше жағдай басталғаннан бері облыстың оңтүстік аудандарында полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге 530-дан астам адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта облыстың үш ауданындағы 90 елді мекен мен қыстақтарды полиция күзетіп жатыр. Тәртіп сақшылары мұнда эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді.
"Күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Басты міндет - қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі тұрақсыз су тасқыны жағдайында автокөліктерді қауіпті жол бөліктерінен өткізе алмаймыз, - деді полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
150 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі және 49 техника жұмылдырылды.
Департамент базасында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
Жағдай қиындаған жағдайда полиция қызметкерлері мен техникалардың резерві дайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан