Желіде полицейлер "жезөкшелерді" қызметтік көлікке отырғызып кетті деген видео тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицияның қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған).
Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!