Полицейлер Жаңа жыл түні қалай өткенін айтты

Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жалпы жаңа жыл түні көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнде келіп түскен. Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар отшашу пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ, аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады.

Түскен барлық өтінішке полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажет шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!