Полицейлер инсульт алған зейнеткерді құтқарды

Қостанай облысы Тобыл қаласында полицейлер 71 жастағы инсульт алған әйелге дер кезінде көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай туралы хабар жедел жәрдем фельдшерінен түскен. Ол бригаданың зейнеткердің пәтеріне кіре алмай жатқанын айтқан.

Учаскелік инспекторлар Арсен Көпеев пен Тілек Өтегенов оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды сараптай келе, екінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіруге шешім қабылдады.

Пәтер есігі ашылғаннан кейін дәрігерлер науқасқа дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Зейнеткердің туысы полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекеті үшін алғысын білдірді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз