Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп, иесіз иттерді аулап, олардың етін сатқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктінің үйінен жалпы салмағы 750 келіге жуық 50 сойылған иттің өлексесі табылған.
"Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді", - делінген хабарламада.
"Қаланың жартысы менен алады". Ақмола облысында ер адам дәмханаларға ит етін сатқан
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!