- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі зертханасы
Полицейлер демалыс күндері үш есірткі зертханасының көзін жойды
Фото:
скриншот / ІІМ
Ішкі істер министрлігі үш күн ішінде төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі.
Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг "синтетика" және 11 кг марихуана тәркіленді.
"Бұл қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина