Полицейлер Астанада судьяның ұрлануы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары қылмыстық істі тергеп жатқанын растады.
"Астана қаласының полиция департаменті Астана қаласының тұрғынын бопсалау және ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, соталды тергеп-тексеру мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне.
Судьяның ұрланғаны туралы ақпарат Kozachkoff offside Telegram-арнасында пайда болды. Оның айтуынша, бетперде киіп, қару ұстаған шабуылшы көлік тұрағында судьяға жақындап, оны күштеп көлікке отырғызып, елсіз жерге алып кеткен. Фемиданың қызметшісі өз атына несие алып, алған 300 мың теңгесін бергені атап өтілген. Сондай-ақ, ұрлықшы сот актісін жою үшін 12 миллион теңге талап етіп, судьяны күшпен қорқытып, содан кейін хабарсыз кеткен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!