Ақмола полицейлері адасып кеткен елікке жол көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасы ЖБО бейнебақылаушысы Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысынан сібір елігін байқаған.
Патрульдік полицейлер жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін жануарды жолдан шығарыпты.
"Осындай оқиға Атбасар ауданында да тіркелді. Жабайы жануарлардың қысқы көші-қоны әлі аяқталмады, тұяқтылар жазғы жайылымдарынан қысқы тіршілік ету ортасына оралады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!