Полицейге пара берді деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Тергеу барысында күдікті жеке кәсіпкер ретінде полиция қызметкеріне қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және массаж салоны одан әрі кедергісіз жұмыс істеуі үшін ақшалай сыйақы бергені анықталған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол наурызда Рустави қаласында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!