Полицейдің әйелі ме? Джей Лоның концертінде тәртіп бұзған кім екені белгілі болды

Полицейдің әйелі ме? Джей Лоның концертінде тәртіп бұзған кім екені белгілі болды
Фото: Видео кадры

Астана полициясы Дженнифер Лопестің концертінде түсірілген видеоға пікір білдірді. Кадрда күзетшілер әйелді орынсыз мінез-құлқы үшін залдан шығарып жатқаны көрінеді. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, тәртіп бұзған әйел Павлодар облысы Полиция департаменті басшысы орынбасарларының бірінің жұбайы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Астана Полиция департаменті болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

"Бұл адам, шынымен де, полиция қызметкерлерінің біріне тұрмысқа шыққан. Бұл жайт оның іс-әрекетін құқықтық жағынан бағалауға ешқандай әсер етпейді", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, 1 тамызда елордадағы Астана Арена стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Up All Night атты әлемдік туры аясында өнер көрсетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget