Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық Полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізген, оның барысында ақша бопсалаған күдікті ұсталды.
23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алған. Күдікті қыздарға пәтерге келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен.
Алаяқ полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.
Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Бүгінде бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!