- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сыбайлас жемқорлық
Полицей Антикор қызметкеріне оқ атты
Жамбыл облысында полицейлер сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
"Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекаралық полиция бөлімдерінің бірінің қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесті, олар Қазақстан Республикасынан жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге мүмкіндік жасады және шетелдік азаматтардан заңсыз материалдық сыйақы алды деген күдікке ілінді", - деді Биғайдаров Антикорда өткен брифингте.
Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан көрші мемлекеттің азаматтары мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырғаны белгілі болды.
"Тергеу барысында күдіктілердің бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне қызметтік қару қолдану арқылы қарсылық көрсетті, ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Антикор өкілі.
Ақпарат толықтырылып жатыр...
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан