- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Полиэтилен пакетке оралған"....
"Полиэтилен пакетке оралған". Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби өлі табылды
Рудныйда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Костанайские новости"-ге сілтеме жасап.
17 желтоқсанда сағат 12:00 шамасында Рудныйда Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Ол полиэтилен пакетке оралған.
"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Полицейлер баланың анасын және жаңа туған нәрестенің денесін қоқыс жәшігіне тастаған болуы мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр.
"Осы қылмыстың куәгері болсаңыз, полицияға 102, 52-60-22, 52-59-25 телефондарына хабарласыңыз. Болмашы ақпараттың өзі тергеуге көмектеседі", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан