- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Подъезден қашып шығыпты"....
"Подъезден қашып шығыпты". 5 жасар қызды зорлады деген күдіктіге қатысты тың деректер шықты
Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген адам қыз тұратын ауланың тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, күдіктіні сол ауланың тұрғындары полицияға өздері ұстап берген. Ал тұрғындардың сөзінше, күдікті үйленбеген және тұрақты жұмысы жоқ. Ал арам ойын тапа-тал түсте іске асырған.
"Көзіне жас толған қаршадай қыз подъезден қашып шығыпты. Дәл сол уақытта жәбірленушінің әкесі далада жүрген екен", - делінген телеарна сюжетінде.
"Алдыңғы күні бала өзі келіп мойындады. Ол "кешіріңіздер, мен білмей қалдым, мені шайтан ұрды" деп айтқан" - дейді жергілікті тұрғын Гүлдана Исалиева.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды, тамағы жырылған деген ақпаратты жоққа шығарған. Басқарма өкілдерінің сөзінше, бес жасар қыз қазір үйінде.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Ол оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ПД криминалдық басқарма бастығының орынбасары Бауыржан Қуатов.
Еске салайық, кеше, 25 мамырда полиция Түркістан облысында 5 жасар қыз зорланды деген ақпаратқа жауап берген болатын. Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полиция мәліметінше, 21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина