Кейбір адамдар қысы-жазы аяғы терлеп жүргенінен зардап шегеді. Қалай бұл мәселенің шешімін тауып, өмірді жеңілдетуге болады? Подолог Мария Николаевна аяғы терлейтін адамдарға үй жағдайында не істеуге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Аяқтың терлеуіне генетика, эндокриндік аурулар, стресс, дұрыс таңдалмаған аяқ киім, аяқ күтімінің дұрыс болмауы немесе гигиенаның нашар болуы секілді бірнеше себеп әсер етуі мүмкін.
"Сізді осындай мәселе мазалайтын болса, аяғыңызды үнемі жылы су және сабынмен жуып, арнайы ұнтақ пен аяқ спрейлерін қолдану өте маңызды. Сондай-ақ, аяқ киімді үнемі кварцты кептіруге қойған жөн, бұл қайталама инфекцияның таралуының алдын алады", - деді маман.
Сонымен қатар, тердің көп бөлінуінен пайда болатын жағымсыз иісті бақылау керек. Әдетте құрамында танині бар теріні құрғататын антиперспиранттар ұсынылады. Ал үй жағдайында емен қабығы, түймедақ немесе теңіз тұзы бар ванна жасауға болады.
"Әрине, аяқ киімді көлеміне қарай таңдап, табиғи материалдарға артықшылық беру өте маңызды. Күзгі және қысқы аяқ киімнің ішінде табиғи оқшаулауы былғары болуы шарт", - деп түсіндірді Мария Николаевна.
Айта кетейік, бұған дейін аяқ тершеңдігінен арылуға арналған кеңестер хабарланған болатын.
Аяқтың тершеңдігінен қалай құтылуға болады?
Тағы да оқи отырыңыздар: Көгерген тамақ жеп қойса не болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!