- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Подолог аяғы терлейтіндерге...
Подолог аяғы терлейтіндерге не істеу керегін түсіндірді
Кейбір адамдар қысы-жазы аяғы терлеп жүргенінен зардап шегеді. Қалай бұл мәселенің шешімін тауып, өмірді жеңілдетуге болады? Подолог Мария Николаевна аяғы терлейтін адамдарға үй жағдайында не істеуге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Аяқтың терлеуіне генетика, эндокриндік аурулар, стресс, дұрыс таңдалмаған аяқ киім, аяқ күтімінің дұрыс болмауы немесе гигиенаның нашар болуы секілді бірнеше себеп әсер етуі мүмкін.
"Сізді осындай мәселе мазалайтын болса, аяғыңызды үнемі жылы су және сабынмен жуып, арнайы ұнтақ пен аяқ спрейлерін қолдану өте маңызды. Сондай-ақ, аяқ киімді үнемі кварцты кептіруге қойған жөн, бұл қайталама инфекцияның таралуының алдын алады", - деді маман.
Сонымен қатар, тердің көп бөлінуінен пайда болатын жағымсыз иісті бақылау керек. Әдетте құрамында танині бар теріні құрғататын антиперспиранттар ұсынылады. Ал үй жағдайында емен қабығы, түймедақ немесе теңіз тұзы бар ванна жасауға болады.
"Әрине, аяқ киімді көлеміне қарай таңдап, табиғи материалдарға артықшылық беру өте маңызды. Күзгі және қысқы аяқ киімнің ішінде табиғи оқшаулауы былғары болуы шарт", - деп түсіндірді Мария Николаевна.
Айта кетейік, бұған дейін аяқ тершеңдігінен арылуға арналған кеңестер хабарланған болатын.
Аяқтың тершеңдігінен қалай құтылуға болады?
- Бір шай қасық ас содасы мен тұзды 1 стақан жылы суға араластырып, аяқты таңертең, кешке: екі мезгіл жуып, соңынан таза сумен шайып, таза сүлгімен құрғатып сүрту керек. Сондай-ақ ас содасы ерітіндісіне батырылған дәкені башпайлардың арасына салып қою да жақсы нәтиже береді.
- Таңертең бор қышқылын аяққа сеуіп алып, күнімен шұлық киіп, кешке жуып тастау керек.
- Стеарин ұнтағын да осы тәсілмен пайдаланған жөн.
- Аяқты сабындап жуып, алма сіркесуы шыланған сүлгімен мұқият сүрту керек.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көгерген тамақ жеп қойса не болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә