Плитада тамақтың бақылаусыз қалуынан 45 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында орын алды. Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болды.
ТЖМ күштері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін шығарылды, зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!