- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пиязды қалай "жыламай"...
Пиязды қалай "жыламай" турауға болады? 5 тиімді әдіс
Күнделікті өмірде пиязсыз тамақ пісіру дегенді елестете алмайтын шығарсыз. Пияз өте пайдалы, оған қоса тағамға дәм береді. Бірақ пияз тураған кезде көз ашып, жас шыға бастайды. Пиязды қалай жыламай турауға болады?
Пияз тураған кезде неге жылаймыз?
Көз жасы - газ тәрізді заттардың көзге енуіне қалыпты физиологиялық жауап. Пияз тураған кезде ол лакриматор атты арнайы көзден жас ағызатын зат бөледі. Лактиматор су немесе сұйықтықпен қосылса, күкірт қышқылын түзіледі, ол көзді күйдіруі де мүмкін.
Пиязды қалай жыламай турауға болады?
Бізге ең алдымен пияз құрамындағы лактиматорды бейтараптандыру қажет.
Өткір пышақ қолданыңыз
Егер пышақ жақсы қайралған, өткір болса, онда улы заттың көп мөлшерде бөлінуінсіз-ақ пиязды жылдам турауға болады. Бірақ үшкір тістері бар пышақ таңдамаған абзал, өйткені бұл лакриматордың көбірек бөлінуіне ықпал етеді.
Пиязды суға салып қою
Пиязды қабығымен 30 минутқа суға салып қойыңыз, бұл оның улы заттарын өлтіруге жақсы көмектеседі.
Пышақ, қол, тақтайды суға шайып алыңыз
Пияз кескенде пышақ, тақтай және қолды сулап тұру керек. Пиязды кескенде шырын пайда болады, ол көз және мұрынның шырышты қабығын тітіркендіреді.
Бөлмені желдетіп, ауасын тазалаңыз
Ас бөлменің ауасын тазалау үшін терезе мен есікті ашып, көзден жас ағызатын затты жоюға болады немесе жай ғана бөлмені желдететін сорғышты қолдануға болады.
Пиязды салқындатыңыз
Тамақ дайындауды бастаудан 20 минут бұрын пиязды тоңазытқышқа қоюға болады. Төмен температура химиялық реакцияны баяулататындықтан, салқын пияз күкіртті заттарды баяу шығарады.
Айта кетейік, бұған дейін пияз қандағы қантты азайтуға көмектесетіні хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шешендік сөздердің жанрлық тектері қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә