- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пицца мен суши"....
"Пицца мен суши". Қазнетте Тоқаевтың атынан хабарлама тарап жатыр
Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланған. Онда Президент атынан студенттерге пиццерия мен суши дәмханаларына сертификаттар берілетіні айтылған. Бұл - жалған ақпарат. Оны Stopfake.kz фактчекерлері анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Скриншоттар графикалық редакторлар көмегімен өңделген. Олардың кейбірі алғашында Instagram-дағы QazNews24 парақшасында жарияланып, кейін басқа Желі қолданушылары арасында тараған.
Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми парақшалары Twitter және Instagram желілерінде бар.
Сондай-ақ, Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметінен алуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова