- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пирс сынып, су...
"Пирс сынып, су астында қалды". Ақтауда қатты дауыл соқты
Ақтауда 21 қарашада дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтауда ауа райының қолайсыздығынан пирс (екі жағынан да кемелер келіп тоқтау үшін жағадан суға қарай сұғындыра салынған құрылғы) сынып, жартылай су астында қалды.
Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылында қатты жел екі үйдің шатырын жұлып кеткенін облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауа райынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Департаменттің құтқарушылары тұрғындардан сақ болуды сұрады. Өңірде қолайсыз ауа райы 22 қарашаға дейін сақталады. Кей жерлерде жел секундына 30 метрге дейін күшейеді деп болжанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы