Петропавлды су басуы мүмкін - ТЖД

Петропавлды су басуы мүмкін - ТЖД
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл 12 сәуірден бастап Петропавл қаласын су басуы мүмкін. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД орынбасары, полковник Мұрат Қанғожинов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде өңірде Сергеев қоймасында су 180 пайызға толған. Есіл өзені арнасына аспаған. Бірақ 3 ауданға су басу қаупі төніп тұр.

"Алайда өзендегі судың асып төгілу көрсеткіші – 415 см. Мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. 2017 жылы көрсеткіш 330 см болған. Бұл 3 ауданға су басу қаупін төндіреді. Олар Есіл өзенінің бойындағы – Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудары мен Петропавл қаласы. 845 үй мен 5 мың саяжай су астында қалуы мүмкін. 12 сәуірде облыс орталығына су келе бастайды, ал 23 сәуірде ол шарықтау шегіне жетеді. Су тасқыны жағдайын үнемі бақылау ұстап отырмыз", - деді Мұрат Қанғожинов ОҚК-де өткен брифингте.

Ол облыстағы жердің 38-50 пайызын қар басқанын атап өтті.

"262 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр. Қазір 40 үйдің 13-ін, 111 үйдің ауласын басқан. 244 адам эвакуацияланды. Оның 44-і үйіне оралды. Су тасқынына қарсы күреске 1 мыңнан аса адам, техникалар мен 100-ден аса мотопомпа жұмылдырылды", - деді полковник.

Аяз Есен 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz