Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3-қабаттан құлап кетті

Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3-қабаттан құлап кетті
Фото: nis.edu.kz

Петропавлдағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. Оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу орны мәліметінше, қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазір ол медициналық мекемеде жатыр", - деді Петропавлдағы НЗМ баспасөз қызметі өкілі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілі зардап шеккен жасөспірім түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

"Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі", - деп жазылған хабарламада.

Оқушының жасы 18-де екені айтылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget