Петропавлдағы қоймалардың бірінде алапат өрт болды

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері ағаш сату кәсіпорнының аумағында өртті оқшаулады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Петропавлда Қизатов көшесіндегі кәсіпорын аумағында болды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Кәсіпорын аумағында ағаш материалын сату бойынша екі жүк көлігі орналасқан жеке тұрған гаражда өрт шыққан. Өрт алдын ала 252 шаршы метр аумақта оқшауланған", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аумақтағы материалдардың жоғары жанғыштығына байланысты өртті сөндіру қиындағанын. Бұл өрттің тез таралу қаупін тудырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!