Петропавлда үйдің іргетасын қару-жарақпен қалаған адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"КТК" телеарнасы мәліметінше, тәртіп сақшылары елуге жуық қару бөлшектерін құрылысқа неліктен пайдаланғанын анықтамақ.
"Осынша қаруды тасқынға қарсы Заречный елді мекенінде жұмыс істеп жатқан әскери қызметшілер тауып алған. Үйдің іргесін судан қорғау үшін қапшыққа құм толтырмақ болады. Сол кезде іргетастан қарудың ұңғымасын аңғарады. Басында шұқылап бір-екі аңшы қаруының бөлшегін шығарған. Кейін іргетасты қорпарғанда 46 ұңғыма мен бөлшектерді жинаған", - деп жазылған ақпаратта.
Тәртіп сақшылары да құрылысқа кім қару қолданғанына таңғалып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова