Петропавлда үш ер адам белгісіз алкоголь тұнбасынан уланып, салдарынан екеуі қайтыс болды, үшіншісінің жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Улану белгілері бар үш ер адам қалалық көпбейінді жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Медициналық мекеменің баспасөз қызметі мәліметінше, оларды алып келгендер өткен демалыс күндері ер адамдар белгісіз тұнба ішкенін айтқан.
"Үшеуінде де ұқсас белгілер байқалды. Олардың біреуі бірнеше рет құсқан. Екі науқас қайтыс болды. Біреуі ауруханаға түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмды", - деді медициналық мекеме өкілдері.
Үшінші адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Аурухана дәрігерлері белгісіз сұйықтық, тұнба мен қоспалар өте қауіпті екенін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында екі адам кәріз құдығында уланып қаза тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!