- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда төтенше жағдай...
Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды
Петропавлда кәріздегі апатқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Петропавл әкімі Жуков және Назарбаев көшелеріндегі кәріз коллекторында болған апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.
Коллектор 1956 жылы салынған. Құрылыстың тозуы салдарынан апаттар жиілеп кеткен. Коллектордың толық тоқтап қалуына жол бермеу үшін бұл аумаққа жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені хабарланды.
Қала әкімдігі коллекторды жедел жөндеу үшін жергілікті техногендік төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат қазір Ашық НҚА порталында жарияланды.
"Коллектор әзірше жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай кезінде 700 метр кәріз құбырын тез арада жөндейміз. "Қызылжар су" қазірдің өзінде жұмысқа кірісті", - деді әкімдік отырысында қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Төтенше жағдай 9 қарашада енгізіледі деп хабарланды. Коллекторға тексеру жұмыстары жүргізіліп, "Қызылжар су" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатыр. Қала әкімдігі алаңдауға негіз жоқ екенін, жұмыс штаттық режимде жүргізілетінін хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан