- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда төтенше жағдай...
Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды
Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің хабарлауынша, 26 наурыздан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басты. Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.
Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы